Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі жаңа мүшесін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.