Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488—493 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 531,28.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 491,1 теңге. Еуро 528—532,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 488 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97—5,05 аралығында саудаланып жатыр.