Енді елімізде ГМО өнімдері өсірілмейді

«Барлық ГМО гибридтермен байланысты. Әлемде гибридтер негізінен майлы дақылдыларды өсіруде қолданылады. Гибридтер біздің елге 10-15 жыл бұрын келген және біздің жағдайларға икемделе алмады. Біздің мемлекет ГМО қолданатын гибридтерге оң көзқарас танытпай отыр. Жақын жылдары оларды қолдануға тыйым салатын белгілі бір кедергілер, нормалар, ережелер енгізілуі мүмкін», — деп атап өтті ол.

Асқар Наметовтің айтуынша, шет мемлекеттер Қазақстанда егін шаруашылығы химиялық қоспаларсыз жүргізілетінін біледі. Олар Қазақстаннан органикалық таза өнімдерді күтеді, сондықтан біздің елде ГМО гибридтерін қолданатын болсақ, олар оны қолдамайды.

«Сондықтан бізге біртендеп органикалық жер және мал шаруашылығын дамытуға көшу керек. Қазір стандарттар жасақталуда. 2017 жылдың екінші жартысында органикалық өнім шығаруға мүмкіндік беретін ережелер шығуы ықтимал», — деп атап өтті Наметов.

Оның сөзінше, Ақмола облысында бірнеше кәсіпорын аккредитациядан өткіп үлгерді, енді олардың шығарған таза өнімдері Еуроодақ елдеріне экспортталуда.

ДереккөзInform.kz