Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қант қызылшасының рекордтық көлемі орылатынын мәлімдеді.
Бүгінде қант қызылшасы 10 мың гектарда немесе жалпы көлемінің 40%-і орылды. Соның өзінде өнімнің жалпы көлемі 549 мың тоннадан асып отыр. Осылайша, бір гектардан 540 центнер қызылша шықты. Биыл қант қызылшасының рекордтық өнімі күтіледі, — деді Айдарбек Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері жаңа өнімді қант зауыттарына жеткізу мәселесін қарастырып, әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісінің ору кестесіне сәйкес қызылшаны қабылдау кестесін жасап қойды. Бүгінгі күні өңдеуге 432 мың тонна қант қызылшасы жеткізілді.