Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметті жариялады.
2024 жылғы 7 қазанға дейін 164 523 өзін құмар ойындардан шектеген:
- eGov mobile арқылы – 161 707 адам;
- жазбаша – 2 816 адам.
Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметінше, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
- eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
- жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).
Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылғы 18 наурызда енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.