Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер Астана...

Синоптиктер Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, 10 қазанда Алматы қаласында, түнде Астанада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.