ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.