«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллион отбасы баспанамен қамтылады

Сондай-ақ әлеуметтің әлжуаз топтары сатып алу құқығынсыз пәтерді төмен бағамен жалға алады. Ақысы адам саны мен үйдің көлеміне байланысты. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасы баспанамен қамтылады. Бағдарламаның жүзеге асуын «Нұр Отан» партиясы қадағалайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаеваның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы тарапынан халықты тұрғын үймен қамту мәселелеріне қоғамдық мониторинг зерттеу жүргізіліп отырады. Оны әр тоқсан сайын комиссия қарап, бақылап отырады.

Дереккөз24.kz