Несиені теңгемен беруді ұсынамын — Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің құрылу мақсатына, оның алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.

«Банктің негізгі құрылтайшылары Қазақстан мен Ресей болып саналады. Банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұмыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Ал Панкин Қазақстан Президентіне жаңа жобалар жөніндегі шарттардың жасалу барысы туралы, сондай-ақ банктің несиелік қорының ахуалы, оның өткен жыл қорытындысы бойынша айтарлықтай артқаны жөнінде баяндады.

ДереккөзBaq.kz