Басты бетPushӘскери қызметкерлерге...

Әскери қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынды

Енді бәс тігу және құмар ойын ойнау әскери қызметкерлер арасындағы елеулі тәртіптік бұзуға теңестіріледі. Мұндай жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Президенттің 2007 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» № 364 жарлығына өзгеріс енгізілді.

Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғыларына ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу немесе ақшаға, заттарға және басқа да құндылықтарға бәс тігу елеулі тәртіптік теріс қылықтар түріне жатқызылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.