Автобуспен ескі шахтаға құлап кеткен төрт тау-кен құтқарушысының қазасына қатысты іске қатысқан Майқайың кенішінің қызметкерлері қамауға алдынды. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау аясында «Майқайың» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 4 қаңтарда адамдар мінген автобус ескі шахта — шұңқырға құлап кеткен еді. Автобуста төрт адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының үш құтқарушысы мен бір жүргізуші.
Құтқарушылардың мәйіті табылып, автобус жүргізушісінің денесі тек шілде айында табылған еді.