Елімізге қыркүйек соңына дейін Голландиядан екі амур жолбарысы, ал келер жылы Ресейден тағы осындай төрт жолбарыс әкелінеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Нұрлан Нысанбаев мәлімдеп отыр.
Популяцияны жандандыру бағдарламасы аясында қыркүйек айының соңына дейін Голландиядан екі жолбарыс әкелеміз. Олар — амур жолбарысы. Жолбарыстың осы түрі ғана қатты аязға төзімді. Басқа жолбарыстар тек жылы аймақтарда тіршілік етеді. Келер жылы Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелеміз, — деді Нұрлан Нысанбаев мәжілістің пленар отырысында.
