Алматы зообағына Амур жолбарыстары әкелінді

Зоология бағының баспасөз қызметі жануарлар астана циркінен әкелінгенін, қазір карантинде екенін мәлімдеді.

Амур жолбарыстары әкелінді, олардың біреуі — Лад, екіншісі — Бентли, олар екі жаста. Жолбарыстар барлық қажет вакцина, дәрумен, паразитке қарсы екпе алды. Қазір жолбарыстардың жағдайы жақсы. Олар әлі жас және қарапайым мысықтар сияқты бір-бірімен алысып ойнайды. Күніне оларға 6 келі ет (сиыр еті, тауық еті, қоян еті) беріледі, — деді хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)