Димаштың туған күніне орай Қытайда үлкен шара өтеді

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінің ақпаратына сүйенсек, аталған ұйымдар жоба біткеннен кейін де жұмыстарын жалғастыра бермек.

Айт кетейік, «Singer-2017» жобасы кезінде Димаштың алғашқы турда киіп шыққан киімі сатылып кеткені туралы хабарланған болатын. Қытайдағы белгілі бір сайтқа сұхбат берген Димаш қазақы дархандықпен алғашқы турға киіп шыққан киімін сыйға тартқан. Бұл сайт киімді дереу аукционға шығарып, одан түскен қаржыны жетім-жесірге, жетім балаларға үлестірілетінін хабарлаған. Бастапқы бағасы 8500 теңгедей болған. Аукционға 169 адам қатысқан. Сол кезде жоғарыда аталған ұйымдардың бірі біздің ақшаға шаққанда, 7 миллион, 200 мың теңгеге шамалас қаржыға сатып алған. Олардың түсінігінше, Димашқа қатысты әрбір дүние сақталуы тиіс.

Weibo әлеуметтік желісі таратқан хабар бойынша, Димаштың туған күнінде, 24 мамырда, Қытайда үлкен қайырымдылық шара өтпек. Оған Димашты қолдайтын ұйымдар атсалысады.

ДереккөзAktobegazeti.kz