Әлеуметтік желіде автобусқа тапаншамен кірген ер адамның видеосы тарады. Полиция ойыншық тапаншамен жүрген ер адамды ұстаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Әлеуметтік желілерге мониториң жүргізу кезінде қоғамдық көлікте келе жатып тапанша көрсеткен ер адамның видеосы анықталған.
Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін, ойыншық қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.