Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Оның орнына Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Жанат Элиманов 2024 жылғы ақпаннан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып істеген. Ал 2021-2024 жылдары Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болған еді.