Ұлттық бірыңғай тестілеу куәлігі жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждерге де түсу үшін қажетті құжат ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады.
Бұл ретте ҰБТ жоғары оқу орындары мен колледждерге грант беру тетігі ретінде болу мүмкіндігі бар. Оқу нәтижелерінің жоғарылауына сәйкес синхрондалған білім беру бағдарламалары колледж түлектеріне жоғары білімді жеделдетілген курста (екі жыл) жалғастыруға және жоғары біліммен еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді, — деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, осындай икемді тәсіл жастардың мансаптық жолын жүйелеп, еңбек нарығына шығудың балама әдістерін қалыптастырады. Сонымен қатар микробіліктілік пен minor-бағдарламаларды енгізу студенттерге жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті аралас салаларда біліктілікті игеруге мүмкіндік береді.