Су тасқынына байланысты еліміздің үш өңірінде жол жабылды

Солтүстік Қазақстанда қызыл судың келуімен Мамлют айналма жолынан 20-шағынаудан айналма жолына дейінгі «Челябі-Новосібір» автожолының 525-530 шақырымдарында барлық автокөлік түрлеріне шектеу енгізілді.

Қостанай облысында су тасқынына байланысты Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырым жол бөлігінде барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Дәл осындай себеппен Оңтүстік Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» автожолының 2217-2235 шақырымдарында барлық автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Мұнда Арыс өзені арқылы өтетін көпірдің тіректерін су шайған. Аталған аумақты Темірлан ауылы арқылы айналып өтуге болады.

Одан бөлек, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген бөліктерін су басқан және шайылып кеткен.

Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 169 шақырымында су жайылған. Автокөлік қозғалысына шектеу салынған жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысында су шайған жолдар:

  1. «Жезқазған-Петропавл» 678 км (ені 150 м. болатын жол жағасының шайылуы);
  2. «Жезқазған-Петропавл» 681 км (ені 200 м. болатын жол жағасының шайылуы);
  3. «Жезқазған-Петропавл» 723 км (ені 20 м. жол жиегінің және диаметрі 1,5 м. болатын құбырдың шайылуы);
  4. «Екатеринбург-Алматы» 766 км (ені 200 м. дейінгі жол жиегінің шайылуы);
  5. «Екатеринбург-Алматы» 797 км (Жем өзеніндегі Барақ көпірінің шайылуы (көпір ұзындығы — 46 м), конустың және өтпелі плитаның бұзылуы);
  6. «Екатеринбург-Алматы» 835 км (Ақан -Бүрлік көпірінің шайылуы (көпір ұзындығы- 70 м), конустың және өтпелі плитаның бұзылуы). Шектеу жоқ.

«Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдарының қызметкерлері су тасқынынан нұқсан келген жол бөліктеріне нығайту жұмыстарын жүргізіп, ескерту белгілерін орнатуда. Тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр.

ДереккөзInform.kz