Әнші жүрегіндегі сезімін, ықыласын өз парақшасында келесідей білдірді.

«Бүгін «The Singer» жобасының гала концерті өтіп, «Махаббат бер маған» әнінің тұсауы кесілді! Осымен 3-4 ай эфир, одан бұрынғы дайындықтың бәрі артта қалды!… Рас айтамын, осы саxнаны қазірдің өзінде сағынып отырмын…

Бұл жобадан үйренгенім көп болды! Қызығы мен қиындығы қатар жүрген күндерде маған қолдау білдірген баршаға мың раxмет! #The Singer жобасының барлық ұйымдастырушыларына #HunanTV раxмет, жеке Хуан Тао мен Хун Сиао мырзаға, барлық менің командама раxмет, жеке Не Сиен мырза, Джонг Енг, Шоколардың орны ерекше, Лаура Шенг xанымға, сонау Оралдан апта сайын аранжировка дайындауда қолдау көрсеткен Ерлан Бекчурин досыма «Batys Sound Studio», ақтөбелік Бақытбек Зейнелов «ДимашАли студио», алматылық Самал Ермаxановқа «Ұлықпан Жолдасов студиясы», атыраулық Бауыржан Ақтаев, Әйгерім Набиева, Кид мырзаға, аударма қызметімен көмектескен Ерзат, Ертай, Думан бауырларыма, бағдарлама барысында көпшілікке мені xабарлап жүргізушілік қызмет атқарған Арай бауырыма, менің стиліммен айналысқан Дуду, Сиао Сиао xанымдар мен Чи мырзаға алғыс білдіремін!!! Әр біреуіңіздің мен үшін орындарыңыз ерекше!!! Үлкен еңбектің артында Үлкен адамдар тұрады! Сіздердей кәсіби мамандармен таныс болғаныма, жұмыс атқарғаныма өзімді бақытты сезінемін!!! Құшақтадым бәріңізді!!! Ең бастысы әр сәтте менімен бірге болған Dears-тарым сендердің орындарын ерекше!!! Жақсы көрем Сіздерді!!! Алпамыс сенің орнын бөлек! Сендей Жан Досым-бауырым барына Аллаға мың да бір шүкір!!!!»

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алдағы жоспары ауқымды. 27 маусымда ол Астана төрінде концертін береді деп жоспарлануда. Және ол осы кеште әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен бірге ән шырқайды.

4 пікір

  1. жарайсың Димаш!!! Сен үшін өте қуаныштымыз!Алла тіл көзден сақтағай,қанатың талмай,өнер жолында биіктерге самғай бер!!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!