Стратегиялық маңызды учаскелердегі жол желісін жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталды. Шамамен 900 шақырым жол жаңартылды.
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
- Елдің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын ұзындығы 885 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы 85%-ке дайын. Бұл күре жолда 46 жол өтпесі, 30 көпір, жеті көлік айрығы және 661 су өткізу құбыры салынды. Нәтижесінде 363 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Балқаш» тасжолын айналып өту қажеттілігі жойылды. Сонымен қатар Қарағанды қаласынан Ақбастау және Ақсу ауылдарына дейінгі жолдың төрт жолағы бойынша қозғалыс ашылды. Аталған учаскеде асфальтбетон төсеу бойынша жұмыстардың 90%-і аяқталды. Жуық арада барлық жаңартылған учаске ашылмақ.
- Биыл «Балқаш – Бұрылбайтал» учаскесінде жолдың 80%-не жаңа асфальтбетон төселді. Қазіргі уақытта 288 шақырымның 266 шақырымы қозғалыспен қамтамасыз етілген.
- «Күрті – Бұрылбайтал»: ұзындығы 228 шақырымды құрайтын жол дәлізі толық жаңартылды. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары 85%-ке аяқталып, жаңа асфальт қабатымен қозғалыс қамтамасыз етілді. Жауапты мердігер ұйым тосқауыл қоршауын, жол таңбаларымен белгілерін орнатуға кірісті.
- Республикалық маңызы бар «Шамалған станциясын айналып өту» автожолында үш бірлік жол өтпесі, бір мал өткелі, бір көпір және үш су өткізу құбыры орнатылды. Жоба жұмыстары толық аяқталды және жуырда автокөлік құралдары үшін қозғалыс ашылады.
- Республикалық маңызға ие «Ақтөбе – Қандыағаш – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға қарай)» тасжолының 732 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Аталған жолда 47 жол өтпесі, алты көлік айрығы, 526 су өткізу құбыры салынды.
- «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде 18 көпір бойынша көлік қозғалысы ашылып, сегіз эстакада салынды. Асфальтбетон төсеу жұмыстары 97%-ке аяқталды.
- «Атырау – Астрахан» бағыты бойынша биыл жыл соңына дейін реконструкция жұмыстары толық аяқталады. Қайта жаңартылатын учаскеніңұзындығы – 212 шақырым. Асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар 82%-і құрайды жәнебелсенді түрде жалғасып жатыр. Айта кетейік, жол бойында қозғалыс ашылғаннан кейін сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады деп күтіліп жатыр. Қазір автомобиль тізгіндеген жүргізушілер үшін қозғалыс ашық.
- «Талдықорған – Өскемен» тасжолының 768 шақырымының 658 шақырымында жұмыс толық аяқталды. Жоғарыда көрсетілген учаскеде жабынды төсеу бойынша жұмыстардың 95% аяқталып, 748 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 47 жол өтпесі, алты көлік айрығы, төрт мал өткелі, бір эстакада, 30 көпір және 526 су өткізу құбыры орнатылды. Бүгінгі таңда 707-718 шақырымдар аралығындағы Аягөз қаласын айналып өту және Қалбатау кентінің маңындағы тасжолдың жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.