Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдумның күнін белгіледі.
Бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы АЭС тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болғанын еске салды.
Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын, — деді мемлекет басшысы.