Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475-479 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 476,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,21 теңге. Еуро — 528,4.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 477,80 теңге. Еуро 524,87—528, 77 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11-5,31 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да