Доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 20 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 478,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,35 теңге. Еуро – 528,24.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,51 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479,30 теңге. Еуро 524,89 – 523,64 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 530,11 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25–5,40 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да