Мәлік Мырзалин Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында облыс әкiмi инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мақсатында әрi қарай ынтымақтаса жұмыс iстеуге ниеттi екендiгiн бiлдiрдi. Ол бүгiнде Көкшетауда 160 мың адам тұратынын және басты мақсат тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету екендiгiн айтты.

«Бүгiнде қалалықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде бiрқатар қиындықтар бар, бiз сумен қамту жүйесiн модернизациялау және су тазарту құрылғыларын салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жуық арада осы мәселенi шешкiмiз келедi. Сондай-ақ, бiз су тарифiнiң қымбаттауына жол бермеуiмiз керек», — дедi әкiм.

Өз кезегiнде Еуропа қайта құру және даму банкiнiң Қазақстан бойынша басшысы А.Прейманис ынтымақтастыққа дайын екендiгiн және елiмiзде банк қолдауымен ТКШ саласында осындай 16 жобаның жүзеге асырыл жатқандығын тiлге тиек еттi.

А.Прейманис мырзаның мәлiмдеуiнше, бүгiнгi күнi Көкшетауда сумен жабдықтау жүйесiн модернизациялау бойынша жобаның техникалық-экономикалық негiзiн дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

Еске сала кетейiк, Ақмола облысының әкiмдiгi «Көкшетау қаласын сумен қамту және су өткiзу жүйесiн реконструкциялау» жобасын аяқтау үшiн 3,3 млрд. теңге қаражат тарту бойынша белсендi жұмыстар жүргiзген болатын.