Француздың әйгілі киножұлдызы Ален Делон қайтыс болды. Бұл туралы 18 тамыз күні жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
Ол Францияның Души коммунасындағы үйінде балалары мен отбасының ортасында қайтыс болған.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы актер Ален Делон инсульт алған. Актерге альцгеймер мен қатерлі ісік диагнозы қойылған.
Ол басты рөлде ойнаған «Әлсіз әйелдер» (1959) фильмінен кейін көрерменге таныла бастады.
Ален Делон жарты ғасырға жуық уақыт ішінде 90-нан астам фильмге түсіп, көзі тірісінде аты аңызға айналды.
