Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 478,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,40 теңге. Еуро — 526,92.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,5 теңге. Еуро 524,5—529 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35 5,45 аралығында саудаланып жатыр.