ASUS компаниясы экраны үлкен әрі сапалы, жүйесі жасанды интеллект бойынша істейтін Zenbook s 16 деген ноутбугын шығарды. Baribar.kz редакциясы мен аккаунт-менеджер Жұлдыз Кудерина жаңа құрылғының тағы қандай артықшылықтары бар екенін білу үшін оны бірнеше күн қолданып көріп, функцияларын шолып шықты.
Әлеуметтік желіден, сайттардан, ақпарат агенттіктерінен қызық әрі пайдалы сюжет көріп, мақалалар оқитын шығарсыз. Сондай сапалы контенттің артында үлкен команда тұрады: оны жазатындар, түсіретіндер бар. Оған қоса контенттің көрерменге сапалы болып жеткенін жіті бақылайтын қызметкерлер бар. Сол іспен айналысатын маманның бірі — Tidam деген коммуникация агенттігінде аккаунт-менеджер болып істейтін Жұлдыз Кудерина. Жұлдыздың әр күні қарбалас өтеді: серіктестермен кездеседі, журналистермен жұмыс істейді, түрлі саладағы жобалармен айналысады, олардың жасаған өнімін тексереді. Бір сөзбен айтқанда, бір істі бастаса, аяғына дейін апармай тынбайды. Жұлдыз әр жобаны жасаған сайын үнемі байланыста болу керек екенін және қолында мүмкіндігі көп мықты құралы болуы керек екенін түсініп келеді.
Біздің жұмысымыздағы негізгі құрал – коммуникация. Мен телефонымды да, ноутбугымды да жанымнан екі елі тастамаймын. Компаниядағы барлық іс, тұтынушылармен коммуникация ноутбук арқылы жасалады. Біз кез келген уақытта байланыста болуға тырысамыз. Сол себепті мені және әріптестерімді таксиде, концертте ноутбукпен көрсеңіздер, таңғалмаңыздар, – дейді Жұлдыз.
Сырт көрінісі
Күнделікті өмірінде ноутбукты жиі қолданатын Жұлдызға Zenbook s 16 құрылғысын қолдануға бердік. Ол ең әуелі сырт көрінісіне, дизайнына тоқталды. Жұлдыздың айтуынша, ноутбук жеңіл, жұқа. Құрылғының қалыңдығы – 12 миллиметр, ал салмағы – 1,5 келі.
Ноутбук жеңіл, сол себепті оны өзіңмен бірге алып жүрген ыңғайлы. Дегенмен көлемі де өте кішкентай емес. Мұнысы жақсы, себебі маған кішкентай құрылғыға үңіліп отырған ұнамайды, — дейді Жұлдыз.
Қазіргі заманда кез келген құрылғы, мейлі ол көлік немесе кішкентай шаш кептіретін құрылғы болсын, белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Мәселен, адамдар сатып алған өнімінің берік, әдемі және экология жағынан зияны аз болғанын қалайды. Сол себепті ASUS компаниясы Zenbook s 16 ноутбугының корпусын Ceraluminum™ керамикадан жасаған. Мұндай құрылғының адам денсаулығына қаупі аз. Себебі ол зиян заттарды шығармайды және қайта өңделеді. Соның арқасында ноутбук әлгінде айтқан критерийлерге сай келеді.
Ноутбуктың корпусы құдды ғаламшардан әкелінгендей әдемі. Түсі де көз тартады. Құрылғыны қайта-қайта сипай бергің келеді, – дейді ол.
Процессоры мен жады
Ноутбуктың AMD Ryzen AI процессоры жасанды интеллекті арқылы істейді. Оның 12 ядросы бар. Бұл құрылғының қуатты екенін, ұзақ уақыт адамның серігі болатынын білдіреді. Жады – 32 Гб.
Біз түрлі шара, жоба туралы мақалаларды, фотоларды, видеоларды ноутбукта сақтап, оның әр бөлігіне мән береміз. Дұрыс емес болса, қайта түзетеміз. Кейін қайта тексереміз. Контентті тексеру және өңдеу үшін бізге ноутбуктың экраны үлкен, дыбысы жақсы, пернетақтасы жағымды, қуаты ұзаққа жететін, жады көп болғаны жөн. Zenbook s 16 дәл сондай құрылғы болып көрінді, – дейді Жұлдыз.
Жасанды интеллект бойынша істейтін жүйесі
ASUS Zenbook s 16 ноутбугы Windows 11 операциялық жүйесі бойынша істейді. Ал бұл жүйе жасанды интеллектіге негізделген. Мұның арқасында қолданушы көп әрекетті жеңіл атқара алады.
Мәселен, Жұлдыз жаңа жобамен айналысып жатыр: видео өңдеп немесе мақала жазып, оны тексереді делік. Енді оған қажет файлдарды қайда сақтағанын жаттап жүрудің қажеті жоқ. Оған Copilot көмектеседі. Жасанды интеллект арқылы істейтін бұл функция керек деректі іздеуге көмектеседі, оған қоса бұған дейін не істегеніңізді айтып береді. Мысалы, сіз бір апта бұрын бір мәтінді жаздыңыз, бірақ қайда сақтап қойғаныңызды, тіпті құжаттын атауын не деп сақтағаныңызды ұмытып қалдыңыз делік. Мұндайда Copilot қолдануға болады. Оның өзін де табу оңай, себебі пернетақтада арнайы Copilot деген бөлек батырма бар. Ал StoryCube қызметі құрылғыдағы және бұлттағы суреттерді, видеоларды, құжаттарды тез табуға, алуға, жіберуге көмектеседі.
Оған қоса Windows 11 Copilot+ деген бар. Бұған Live Captions, Cocreator, Auto SR жатады. Бұл функция ноутбуктың операциялық жүйесі жаңартылған соң пайда болады. Бұл функциялардың да пайдасы көп.
Мәселен, Жұлдыз қазақ тілінде видео жасап, оны шетел азаматтары да түсінуі үшін ағылшын тілінде субтитр қойғысы келуі мүмкін. Мұндайда ол Zenbook S 16 ноутбугының Live Captions-ды және тікелей аудармасын пайдалана алады. Бұл — түрлі елден оқырманы бар блогерлер үшін де таптырмас құрылғы. Ал графика дизайнымен айналысатындар, иллюстрация салатындар Cocreator-ды қолдануына болады. Бұл функция суретшіге идея бөліседі, салған суретін өңдеуге көмектеседі.
Жұлдыз видео-ойындар тақырыбында контент дайындаса, Auto SR функциясын пайдалана алады. Бұл ойындағы кескіндерді жақсырақ көрсетуге, көз тартатындай етуге мүмкіндік береді.
Экраны
Жұлдыздың айтуынша, ол тексеретін сюжеттің, фотоның тек мәні емес, қалай көрінетіні де маңызды. Ол бейнелер өте қанық, анық көрсетілгені дұрыс дейді.
ASUS Zenbook S 16-ға Lumina OLED дисплейі орнатылған. Экраны – 16 дюйм. Жиілігі – 120 Гц. Түстерді 100% дұрыс, ал бейнелердің 3000 сапада көрсетеді. Көк зиян түсті де 70%-ке аз етіп шығарады. Шамадан тыс қолданбаса, ноутбук ересектің де, баланың да көзіне ауыр салмақ түсірмейді.
Экраны анық, тұнық екен. Ол арқылы фотоны, видеоны рахаттанып көресің. Тіпті ұсақ бөліктерді де байқап қоясың, — дейді Жұлдыз.
Уеб-камерасы мен аудиожүйесі
Бұл ноутбуктың Windows Hello деген ақылды қызметі бар. Ол қолданушының көзіне ілесіп отырады, қажет кезде артқы фонды ауыстырып, жарықты ыңғайлай алады.
ASUS AiSense деген қызметі де жақсы екен. Ноутбук арқылы жұмыс істеп отырғанда басқа жаққа қарасам, құрылғы экранының жарығы төмендейді екен. Қайта экранның бетіне қарасам, жарығы қайта көбейеді. Мені әрдайым күтіп, көмек қолын созатын жеке көмекшім сияқты, — дейді Жұлдыз.
Енді дыбыстар анық, кедергісіз таза естіледі. Адам фильмді де, подкасты да, музыканы да жоғары сапада көріп, тыңдай алады. Себебі бұл ноутбукқа harman/kardon-ның алты динамигі қойылған. Ал Windows Studio Effects деген құрал видеоқоңыраулар кезінде бейнені сапалы етіп көрсетеді. Маңызды келіссөз жүргізіп жатқанда камераның сапасы да роль ойнап кетуі мүмкін. Ал ASUS AI Noise Cancelation жүйесі артық шу дыбыстарды алып тастауға мүмкіндік береді. Осылай, адам өзін жаңа серіктестеріне кәсіби етіп көрсетеді.
Қуаттағышы, жалғағышы және пернетақтасы
ASUS Zenbook S 16 қуаттағашының аккумуляторы – сағатына 78 Вт. Ол құрылғы қуатын 49 минутта 60%-ке дейін лезде толтырып береді. Ал бір қуаттаған соң, ол 20 сағатқа дейін жетеді. Адам күніне әдетте сегіз сағат жұмыс істейтінін ескерсек, құрылғыны екі-үш қуаттамай қолдануға болады. Тағы бір ұтымды тұсы – бұл ноутбукты 5-20 вольтке дейінгі смартфон қуаттағышы арқылы қуаттауға болады.
Күні бойы қуаттағышты ойламай, алаңсыз жұмыс істеуге болады. Себебі қуаты ұзақ жетті. Ал пернетақталары саусаққа жағымды әрі оны басқанда “тықырлап” өзгенің мазасын алмайды, – дейді Жұлдыз.
Ноутбуктың бірнеше жалғағышы бар. HDMI ноутбукқа басқа мониторды, теледидарды жалғауға, USB-A арқылы тінтуірді, флешканы қосуға мүмкіндік береді. 2 USB-C 4.0 арқылы дисплейді жалғауға болады. Оған қоса SD-карталары бар.
Қорытындыласақ, ASUS Zenbook s 16 ноутбугының бірнеше күн қолданып, мынадай артықшылығын байқадық:
- Экраны кең әрі бейнені анық көрсетеді;
- Жасанды интеллект элементтері бар, соның арқасында көп істі оңай атқаруға болады;
- Қуаты ұзаққа жетеді;
- Қауіпсіз;
- Сырт көрінісі әдемі.