Қуат Хамитов: Қазақстаннан шыққан тұңғыш Fight Nights чемпионы болғым келеді

Жекпе-жек алдында Қуат ресейлік vl.ru порталына сұхбат берді.

Қуаттың айтуынша, ол бүгінгі кездесуге үш ай бойы Таиландтағы Phuket Top Team залында жаттыққан. Әуесқой жарыстарда бүгінгі қарсыласы Алибековты жеңген спортшылармен дайындалған. Сондай-ақ, оның желтоқсан айында өткен кездесуін көрген бапкерлерден кеңес алған.

Қуат Магомедсайгидті өте мықты файтер ретінде мойындайды.

«Алайда бәрін октагон көрсетеді. Бірақ бұл титулды Қазақстан күтіп тұр. Өз елімнен шыққан тұңғыш Fight Nights чемпионы болғым келеді. Жерлестерім менің жеңісімді күтеді, сондықтан оларға чемпиондық белбеуді сыйламақпын»,- дейді Қуат Хамитов.

ДереккөзNewsvl.ru