Қазақстанда киік саны 4 миллионнан асты. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Сәуірдегі санақ бойынша, 2 млн 833 бас киік болды, мамыр айындағы төлін есептегенде, 4 миллионнан асты. Мәселелер бар, инспекторлар мен техника санын көбейтуді қолға алып жатырмыз, — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда киік ату 10 ақпанда тоқтатылды.