Леонардо Ди Каприо Қазақстанды киіктің көбеюімен құттықтады

Леонардо Ди Каприо Қазақстанды киіктің көбеюімен құттықтады. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

Оның жазуынша, киіктер Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміндегі «жойылып кету қаупі төнген жануарлар» санатынан «осал жағдайға жақын» санатына ауысқан.

Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының сақталуын көрсетеді. 2005 жылы олардың саны небәрі 48 000 болды, ал қазір 1,9 миллионнан асты. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың мысалы, — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін экология министрлігі Халықаралық қорғау одағы киіктер қазір жойылу қаупі төнген жануарлар санатына жатпайтынын хабарлады.