Басты бетЖаңалықтарБоксшы Сәкен...

Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол ең басты қарсыласы өзбекстандық Хасанбай Дусматовпен кездесетін болды.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) түркиялық Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты.

Ол келесі кезеңде Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) кездеседі. Өзбек боксшысы да Олимпиададағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Хасанбай Дусматов – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы.

Сәкен Бибосынов пен Хасанбай Дусматов ресми жарыстарда үш рет кездескен. Екі рет өзбек боксшысы жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.