Токио олимпиадасының жүлдегері спорттан сегіз жылға шеттетілді

Бұл туралы ұлттық антидопинг орталығы хабарлады.

Игорь Сон сегіз жыл бойы спорттық жарыстарға қатыса алмайды. Нақтырақ айтсақ, 2030 жылдың наурыз айына дейін қатысуға рұқсаты жоқ. Ал шеттетілу уақыты 2022 жылдың наурыз айынан басталған. Спортшының допинг сынамасынан метастерон анықталған, — делінген хабарламада.

Қазақстандық спортшы 2020 жылы Токиода 61 келіге дейінгі салмақта қола медаль еншілеген еді. Ал 2019 жылы әлем чемпионатында күміс алған.

Игорь мансабында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді. Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) ережесіне сәйкес, допинг қолданғаны жарыстардан шеттетілген спортшының олимпиададағы нәтижесі де жойылады, — делінген хабарламада.

Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығы Игорь Сонды ғана емес, бірқатар спортшыларды жарыстардан шеттетті. Олардың қатарында ауыр атлеттерден өзге таеквондо мен жеңіл атлетика спортшылары да бар.