Рио Олимпиадасына қатысқан екі қазақстандық атлет допингпен ұсталды

Ағымдағы жылдың шілде айында жеңілатлеттерден допинг сынамалары алынған. Сынама спортшының құрамында допингтің барын анықтады. Олардың қан құрамында анаболикалық стеройд  «дростанолон» (Drostanolone) болған.

Еске салайық, Кудинова мен Миниянова жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында болып, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Кудинова 400 метр қашықтықта жүгіруде жартылай финалға өте алмаған. Миниянова спорттық жүру жарысына қатысуы тиіс болған, алайда стартқа шықпады.

Айта кетейік, IAAF сәуірде Анастасия Сопрунова антидопингтік ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шектелген. Оның қан құрамынан анаболикалық стеройд «станозол» табылған. 

Дереккөзtengrinews.kz