Бұл өтінішті қазақ және орыс тілдерінде депутат Нұрлан Әбдіров пен Владислав Косарев оқып берді.
— Біздің фракциямыз Мәжілісті тарату және мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізу – әсіресе, қазіргідей аса күрделі әлемдік экономикалық және геосаяси жағдайда Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызы бар шешім деп санайды. Біріншіден, қазіргі Парламент Президенттің бес институттық реформасын бастауға қажетті заңнаманы толық қамтамасыз етіп, өзінің тарихи миссиясын орындады. Қазір оларды нақты іс жүзіне асыру кезеңі басталды, — делінеді өтініште.
Депутаттардың өкілеттік мерзімі 2017 жылғы қаңтарда аяқталуы тиіс болатын.
Алайда, депутаттардың айтуынша, «биліктің реформалар мен дағдарысқа қарсы шараларын барлық деңгейде үндестіру үшін біз Мәжіліс сайлауын жергілікті мәслихат сайлауымен қоса өткізу керек» екен. «Бұл да әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Н Әбдіров.
“Открытая Азия онлайн” Қазақстан Республикасының Парламенті қанша рет құрылып, қанша рет және қандай себептермен өзін өзі таратқанын еске түсірді.
(оңға-солға жылжи отырып, шежіренің даталарын көре аласыздар)