Қазақстан Парламентінің өзін-өзі тарату шежіресі

Бұл өтінішті қазақ және орыс тілдерінде депутат Нұрлан Әбдіров пен Владислав Косарев оқып берді.

— Біздің фракциямыз Мәжілісті тарату және мерзімінен бұрын Пар­ламент сайлауын өткізу – әсіресе, қазіргідей аса күрделі әлем­дік эконо­микалық және гео­саяси жағдайда Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызы бар шешім деп санайды. Біріншіден, қазіргі Пар­ламент Пре­зиденттің бес институт­тық ре­фор­масын бастауға қажетті заң­наманы толық қамтамасыз етіп, өзінің тарихи миссиясын орын­дады. Қазір олар­ды нақты іс жүзіне асыру кезеңі басталды, — делінеді өтініште.

Депутаттардың өкілеттік мерзімі 2017 жылғы қаңтарда аяқталуы тиіс болатын.

Алайда, депутаттардың айтуынша, «биліктің рефор­малар мен дағдарысқа қарсы ша­раларын барлық деңгейде үндестіру үшін біз Мәжіліс сайлауын жергі­лікті мәслихат сайлауымен қоса өткізу керек» екен. «Бұл да әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға, сайлауды ұйым­дастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыс­тарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Н Әбдіров.

“Открытая Азия онлайн” Қазақстан Республикасының Парламенті қанша рет құрылып, қанша рет және қандай себептермен өзін өзі таратқанын еске түсірді.

(оңға-солға жылжи отырып, шежіренің даталарын көре аласыздар)

Дереккөзtheopenasia.net