Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы перзентханалардың...

Алматыдағы перзентханалардың бірінде 25 нәресте сатылып кеткен

Алматы облысына қарасты көп салалы клиникалық аурухана қызметкерлерінің ісі ақ халаттыларға деген сенімге селкеу түсірді. Нәрестелерді бизнес көзіне айналдырған ашкөздер 8 жыл ішінде 25 бала сатқан.

Сатып алушылардың саны жыл сайын өспесе, кемімеген. Құрамына акушер-дәрігерден бастап бөлімше меңгерушісіне дейін 10 дәрігер кіретін қылмыстық топ осы уақытқа дейін жасырын әрекеттерін «жемісті» жүргізіп келіпті.

Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, олар әр нәрестені 150 мың теңгеден бастап 6 мың АҚШ долларына дейін саудалаған.

Дереккөзalmaty.tv