Жараның қалай жазылып келе жатқанын хабарлап отыратын «ақылды» дәке жасалды

Смарт-дәкені Суонси университетіндегі биологиялық ғылымдар орталығының мамадары жасап жатыр.

Орталықтағы профессор Марк Клементтің айтуынша, дәрігерге жара туралы мәліметті дәкедегі 5G технологиясы жеткізіп отырады. Ол адамның қаншалықты қимыл-қозғалыста екенін, қайда жүргенін, жараның қазіргі жағдайын хабарлайды. Осы ақпараттарды алған дәрігер әр адамға жағдайына байланысты жеке ем тағайындайды.

Жаңа технологияны жетілдіріп, өндіріске қосу үшін жергілікті билік 1,3 млрд фунт ақша аударған. Алғашқы дәке алдағы 12 айдың ішінде сынақтан өткізіледі.

ДереккөзBbc.com