Qazaq тізе бүктіргісі келетін боксшылар тізімін атады

Бұл жайлы боксшы worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында айтып берді.

«Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл — менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елімнің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында мені әлем чемпионы титулына таласқан жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын. Биыл мен үшін ерекше жыл болмақ. Астанада 9 қыркүйекте ЭКСПО аясында чемпиондық атағымды қорғаймын деп жоспарлап жатырмын», — деген сұхбатында боксшы.

Айта кетейік, Qazaq келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін хабарлаған еді.

ДереккөзInform.kz