«Реал» футболисі «Қайратқа» қолдау таныту жайлы видео түсірді (Видео)

Еске сала кетейік, турнир 28-30 сәуір аралығында өтеді.

«Сәлем, менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», — делінген Марселоның видеосында.

Айта кетейік, «Реалдың» қорғаушысы Марсело -«Қайраттың» қақпашысы Игитаның досы. Футболист осыған дейін алматылық командаға қолдау көрсетіп жүрген еді.

Марсело @marcelotwelve «Қайрат» @afckairat футзал клубын қолдады Әлем футболының жарық жұлдызы, мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының ойыншысы сәуірдің 28 мен 30 күні Алматыда өтетін УЕФА Кубогының төрттік финалында «Қайратты» қолдайтынын білдіріп, видео үндеу жолдады. УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы матчта үздік атанған футболшы «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде видео жазған. «Сәлем! Менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА Кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», — деді Марсело. Естеріңізге салайық, футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалы «Алматы Аренада» өтеді. Алматылықтар жартылай финалда «Интермен» кездеседі. Мадридтік команданың сапында Әлемді шеберлігімен мойындатқан Рикардинью ойнайды. Билеттер «Меломан», «Алматы Арена», «Халық Арена», Республика сарайы, Балуан Шолақ ат. спорт кешенінің кассаларында, сонымен қатар ticketon.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында онлайн сатылуда.

Публикация от KAIRAT FUTSAL (@afckairat)

ДереккөзVesti.kz