Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Фото: Tengrinews.kz
Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі үш күнге жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9 шілде түнгі сағат 23.00-ден 11 шілде сағат 11.00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз,- делінген хабарламада.