Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны туралы ағымдағы деректерді жариялады.

18 сәуір сағат 09.00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан үш облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) сегіз жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7 120 метр болатын су тасқыны орын алды. Бес облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.