Алматыда екі бағыт бойынша автобустар жаңарды

Алматыда №52 және №24 бағыттар бойынша автобустар жаңарып, жылжымалы бірлік саны артты. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Мегаполисте №52 бағыттағы орташа дизельді автобустарды сыйымдылығы жоғары газбен жүретін автобустар алмастырды. Сонымен қатар қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалына жоспарлы шығуы жұмыс күндері 16-дан 25 бірлікке дейін, демалыс күндері 14-тен 20 бірлікке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін және демалыс күндері 14-тен 11 минутқа дейін қысқарды.

Сонымен бірге қала тұрғындарының өтініші бойынша №24 маршрутқа «Yutong» маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар шығарылды. «Өжет шағынауданы — Солтүстік» – «Экобекет» қатынасындағы маршруттағы жылжымалы құрамның саны 12 бірлік, жоспарлы қозғалыс аралығы 15 минут, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да