Басты бетЖаңалықтарЕлордада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді

Елордада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді

ШЫҰ саммитіне байланысты Астанада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.

2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06.00–ден 23.30–ға дейін, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылы — Ж.Нәжімеденова к. А.Байтұрсынов к. — Қ.Аманжолов к. жүргізіледі.