Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады. Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да