Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ІІ және ІІІ техникалық санаттағы жол учаскелерінде жылдамдық режимін бұзу фактілері тіркеледі.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жолдарда жылдамдықты арттырған жүргізушілер туралы ақпарат тиісті шара қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберіледі.
Компания жүргізушілерден төмендегі жол учаскелерінде бекітілген жылдамдықты сақтауды сұрайды:
- Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Долгое-Аққулы) — 100 км/сағ.;
- Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Абай облысына қарасты учаскесінде (Шарбақты-Семеновка — Қалбатау) — 110 км/сағ.;
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Болашақ-Достық) — 100 км/сағ.;
- Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Мичурино) — 110 км/сағ, дәл осы жолда Қызытаңнан Өрлітөбеге дейін — 100 км/сағ.;
- Бейнеу-Ақжігіт автожолының Маңғыстау облысына қарасты учаскесінде (Тажен) — 100 км/сағ.;
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Чапов-Погодаево) — 100 км/сағ.