Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінің толықметражды фильм аталымы бойынша «Алтын кубок» жеңіп алды.
Шанхай кинофестивалі 14-23 маусым аралығында өтті. Кинофестивалде Франция, Аргентина, Испания, Германия, Иран, Қытай секілді елдердің туындылары көрсетілді.
«Талақ» фильмі Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген. Фильмге түскен актриса Амира Омарова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша үздік деп танылды.