Қостанайдағы ауданға Бейімбет Майлин есімі берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай обылысындағы Таран ауданын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

«ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Таран ауданы — Қостанай облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1936 жылы құрылған. 2004 жылғы дерек бойынша мұнда 30 мың адам тұрады. Аудандағы 52 елді мекен бір кент, 15 ауыл округіне біріктірілген. Орталығы — Әйет ауылы.