Тәлімдік жерлерде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.
Біз суды суармалы жерге береміз. Оңтүстік Қазақстан облысында жиналған су көлемі суармалы жерлерге кестемен беруге еш қауіп жоқ. Суарылмайтын тәлімдік жерлер (тәлімдік жер – суармалы егіншілік аудандарындағы егісті суармай өсіретін жерлер) бар. Егер Қазгидромет сондай болжам берсе, онда тәлімдік жерлерде құрғақшылық болуы мүмкін, — деді министр парламент палаталарының отырысынан кейін.