Басты бетЖаңалықтарСауалнама: Латын...

Сауалнама: Латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?

Бұл бастама туралы ҚР Президенті 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында да атап көрсеткен еді. Мұнда мемлекет басшысы «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді. Сондай-ақ Елбасы 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі латын әліпбиімен басып шығарыла бастауы тиістігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жастар үшін латын әліпбиін үйрену ешқандай қиындық туғызбайды. Ал Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Жыл соңына қарай айтарлықтай шешім мен мәлімет болады», — деп хабарлады.

[totalpoll id=»23590″]