Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450—455 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 маусым ресми бағамы — 1 долларға 450,79 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450—455 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 452,5—454,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93—5,05 аралығында саудаланып жатыр.